ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданының білім бөлімінің Балалар шығармашылық үйі" КММ
КГУ "Детский дом творчества отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области
Қарабалық а.
+7 (714) 442 45 39
ddt@karabalyk.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданының білім бөлімінің Балалар шығармашылық үйі" КММ
КГУ "Детский дом творчества отдела образования Карабалыкского района" Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сізді қарсы алуға қуаныштымыз
біздің ресми сайтта !

Бөлімге өтіңіз

 Балалар шығармашылық үйі

 46fc6458-493a-484f-ae4b-3d61bf14561e.jpg

 

 Біздің педагогтар5e685f27-4767-4dfd-8115-25c6befe7825.jpg

 

Біздің жетістіктерімізed9e8dfd-3ee4-43c2-ab67-0dc3e65d1bdb.jpg

Біздің сайтқа қош келдіңіз!

                    

 6685bacd-c936-48ac-9030-2a7a1abd6a80.jpg

Құрметті ата-аналар мен балалар!

Сіздерді біздің тұрақты қонақтарымыз және тәрбиеленушілеріміз болуға шақырамыз, өйткені ертең біздің мекеменің қандай болатыны сізге байланысты!

Балалар шығармашылығы үйі қызметінің мақсаты балалардың жеке өзін-өзі анықтауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, азаматтық өзін-өзі тануды, салауатты өмір салтын, мәдениетті қалыптастыру, мазмұнды бос уақытын ұйымдастыру үшін жағдай жасау болып табылады.

Биыл 863 оқушы көркемдік-эстетикалық, сәндік-қолданбалы, техникалық, музыкалық, экологиялық-өлкетану, спорттық-туристік, әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы 46 үйірме және спорттық бірлестіктермен айналысады.

Біздің ұйым қызметінің ерекшелігі-Қарабалық кентінің оқушыларымен қатар 15 ауылдық мектептің оқушыларында үйірме қызметімен айналысуға мүмкіндік бар, сол арқылы ауданның қосымша білім беру шеңбері кеңейтілді. Балалар шығармашылығы үйінің базасында 10 үйірмеде 100-ден астам бала айналысады.

Балаларға заманауи қосымша білім беру Жалпы орта және қосымша білім берудің тығыз интеграциясын қажет етеді. Осыған байланысты балалар ойын, театрландыру элементтері арқылы тілдік және әдеби әлеуетін дамытатын «Ағылшын», «Сөз шебері» үйірмелері ашылды. Сондай-ақ, балалардың математикалық және логикалық ойлауын, зияткерлік дамуын дамыту мақсатында «Тоғызқұмалақ» үйірмесі және кіші және орта жастағы балаларға арналған «Шахмат» екі үйірмесі ашылды. 6-7 жастағы білім алушылар үшін «Развивашка для первоклашки» танымдық үйірмесінің жұмысы ұйымдастырылды.

Балалар арасында ғылыми-техникалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бірлестіктер, атап айтқанда «Робототехника», «Шығармашылық шеберхана» үйірмелері, «Медиа шеберхана» мектеп теледидары, «Мектеп теледидары» және т. б. өте танымал.

Сондай-ақ, балаларды кәсіптік оқытуға тарту мақсатында ауылдық мектеп базасында «Шеберлер мектебі» кесу және тігу үйірмесі, «Арлекино», «Театр калейдоскопы» театр өнеріне жұмыс істейді

Үйірме қызметінің аталған бағыттарын таңдау білім алушылардың қоғамдағы өмірге бейімделуі үшін, саналы түрде өзін-өзі анықтау үшін, одан әрі кәсіптік оқыту үшін негіз құруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және білім алушылардың оқу және шығармашылық қызметке оң уәждемесін қалыптастыруға, жоғары ынталы білім алушылардың шығармашылық, зияткерлік, спорттық қабілеттерін барынша ашуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.

 

 Құрметпен балалар шығармашылығы үйінің директоры Гүлзаш Кенжибаева

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.  

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.

Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..  

Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.

Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

gerb_0.jpg

Елтаңбасы– мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.

Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Qazaqstan» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Qazaqstan» деген жазу – алтын түстес.

Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.

Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.

Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін  әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады. 

Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға  деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.

Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.

 

Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны

Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.

Сөзі - Нұрсұлтан Назарбаев пен Жұмекен Нәжімеденовтікі, музыкасы - Шәмші Қалдаяқовтікі  

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген, 
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

 

Построчный перевод текста Государственного Гимна Республики Казахстан:
В небе золотое солнце,
В степи золотое зерно.
Сказание о мужестве – моя страна.
В седой древности Родилась наша слава,
Горд и силен мой казахский народ.

Припев:
О, мой народ!
О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.

У меня простор неоглядный
И дорога, открытая в будущее.
У меня независимый,
Сплоченный, единый народ.
Как извечного друга
Встречает новое время
Наша счастливая страна, наш народ.

Припев:
О, мой народ!
О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан. 

© 2025. Все права защищены.